Аккую АЭС-ке «таза ядролық отын» бүгін әкелінеді
Ердоған мен Путин бейнеконференция арқылы Аккую АЭС-тің ашылу салтанатына қатысады.
Мерсиндегі Аккую Атом электр станциясы (АЭС) үшін бүгін (27.04.2023) тарихи күн.
Энергия өндіруде қолданылатын «таза ядролық отын» станцияға әкелінеді.
Осылайша Түркияның жалпы электр энергиясы қажеттілігінің 10 пайызын қамтамасыз ететін электр станциясы жанармай тиеуімен ресми түрде «ядролық нысан» мәртебесіне ие болады.
Артынан өндіріс үшін сынақтан өткізу процесі басталады. Электр станциясы толық қуатында іске қосылғанда жылына шамамен 35 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіре алады.
Электр стансасының ел экономикасына қосатын үлесі 50 миллиард долларды құрайды.
Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин бейнеконференция арқылы Аккую АЭС-тің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.
Түркия мен Ресей арасында 2010 жылы 12 мамыр күні қол қойылған келісім аясында 2018 жылы 3 сәуір күні Мерсинде салынып жатқан Аккую АЭС-тің бірінші блогының іргетасы қаланған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.