Ердоған отандық технологияларға назар аударды

Президент Кахраманмарашта жер сілкінісінен кейін құрылған «Байкар» Контейнерлік қаласын аралады.

1978217
Ердоған отандық технологияларға назар аударды

Президент Режеп Тайып Ердоған ұлттық қорғаныс өнеркәсібі саласындағы әрбір жетістіктің Түркияның отандық технология саласындағы жаңа қадамы екенін мәлімдеді.

Президент Ердоған 6 ақпан күні орталығы Кахраманмараш болған жер сілкіністерінен кейін құрылған «Байкар» Контейнерлік қаласына барды.

Осында үкіметтің жаңалықтарына тоқталған Ердоған қарулы және қарусыз пилотсыз әуе көліктерін өндіргендерін, әлемдегі алғаш қарулы әуе көлігі әскери кемесі «TCG Anadolu»-ны пайдалануға бергендерін және пилотсыз «Kızılelma» әскери ұшағының көгілдір аспанда ұшырылғанын еске салды.

Бұл оқиғалардың елдің күшін арттырғанын атап көрсеткен Ердоған «Қорғаныс өнеркәсібіндегі әрбір жетістік Түркия отандық технология саласында басқан жаңа бір қадам» деді.

Түркияның 21 жылдық күш-жігерінің жемісі болған демократия мен өркендеу жетістіктеріне зиян келтірілуіне жол берілмейтінін, ел мен ұлттың болашағына кепіл болатын «бір ел, бір отан, бір ту» ұранымен қозғалатындарын тілге тиек еткен Ердоған осылайша мемлекетті нысанаға алатын барлық ойындарды бұзатындарын түсіндірді.

Президент ұлтпен бірге террор ұйымдарына қарсы үлкен бір күрес жүргізгендерін атап, «Халқымызбен бірге бұл лаңкестік ұйымдарды Джуди, Габар, Тендүрек тауларындағы үңгірлеріне көмдік. Күресіміз табандылықпен жалғасады» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар