​«Kızılelma» әскери ұшағы жоғары жылдамдық сынағынан өтті

Отандық әскери ұшақ «Kızılelma»-ның бірінен соң бірі сынақтары сәтті өтуде.

1977501
​«Kızılelma» әскери ұшағы жоғары жылдамдық сынағынан өтті

«Байкар» компаниясының атқару директоры және технология жетекшісі Селчук Байрактар ​«Kızılelma» әскери ұшағының 6-шы және 7-ші ұшу сынақтары аясында ұшу-қону және жоғары жылдамдықта ұшу сатыларын сүрінбей  орындағанын көрсететін бейнекөріністерді әлеуметтік желідегі аккаунтынан бөлісті.

Селчук Байрактар ​​жеке Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде жобаны сынаған орталарға наразылық білдіріп «Әр түрлі жаламен жолымызды кесуге тырысатындар #Kızılelma ұшағымызға жете алмауы үшін әр сынақта жылдамдықты біршама арттырамыз. Ұшу сынақтары мен күресіміз еліміз көгілдір аспаны және ғарышта толығымен тәуелсіз болғанша жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар