Ердоған жер сілкіністері болған аймақтарда жұмыс істеп жатқандарын айтты

​​​​​​​Президент Режеп Тайып Ердоған «Хатайдан басқа аймақтарымыздағы барлық үйінділерді Ораза айтқа дейін жоюды мақсат етіп отырмыз» деді.

1976282
Ердоған жер сілкіністері болған аймақтарда жұмыс істеп жатқандарын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпанда орталығы Кахраманмарашта болған жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға қатысты «Хатайдан басқа аймақтарымыздағы барлық үйінділерді Ораза айтқа дейін жоюды мақсат етіп отырмыз» деді.

Ердоған Стамбулда тұрғын үйлердің  іргетасын қалау рәсімдерін өткізгендерін баяндап, «Кеше Шанлыурфамен қоса 100 мыңнан астам тұрғын үйлер мен ауыл үйлерінің құрылыс процесін бастадық. Алла бұйырса бірінші жылы жалпы саны 319 мың және жиыны 650 мың үйді иелеріне тапсырып бергенге дейін аймақтан ешқашан кетпейміз» деген сөздер қолданды.

Үйінділерді жою жұмыстарының аяқталуға аз қалғанын  түсіндірген Ердоған «Хатайдан басқа аймақтарымыздағы барлық үйінділерді Ораза айтқа дейін жоюды мақсат етіп отырмыз» деді.

Одан кейін Президент Ердоған Стамбулда Үскүдар қаласында жастармен кездесіп, әңгімелесті.



Ұқсас жаңалықтар