Министр Киришчи БҰҰ Су конференциясына қатысты

Министр Киришчи БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңестегі Су конференциясында баяндама жасады.

1964669
Министр Киришчи БҰҰ Су конференциясына қатысты

Ауыл шаруашылығы және орман министрі Вахит Киришчи Түркияның 2030 жылға дейін барша қауіпсіз және таза ауыз суына қол жеткізу үшін техникалық және әлеуетті қолдауды қамтамасыз етуге, озық тәжірибесін бөлісуге және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруді жалғастыруға уәде еткенін атап көрсетті.

Министр Киришчи Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Экономикалық және әлеуметтік кеңестегі БҰҰ Су конференциясында баяндама жасады.

Климаттың өзгеруімен судың маңыздылығының күн өткен сайын артып келе жатқанын тілге тиек еткен Киришчи 2030 жылға дейін жаһандық мақсаттарға жету үшін қосымша қаржы ресурстарын жұмылдыру және техникалық ынтымақтастықты жтілдірудің маңыздылығына назар аударды.

Киришчи қолдағы деректер бойынша 2030 жылға дейін суға байланысты мақсаттарды қамтитын №6 Тұрақты өркендеу мақсатына жету үшін жаһандық деңгейде күш-жігерді төрт есеге арттыру керектігін атап көрсетті.

Ұлттық табыспен салыстырғанда ең көп гуманитарлық көмек беретін елдердің бірі деп есептелетін Түркияның Африкада, әсіресе Африка құрлығының әртүрлі аймақтарында зерттеулерін бастағанына назар аударған министр Киришчи 2005 жылдан бері Африка континентінде бұрғылаған 512 ұңғымамен 1,85 миллион адамға таза ауыз суы және коммуналдық қызмет көрсеткенін білдірді.

Киришчи «Түркия 2030 жылға дейін барлығына қауіпсіз және таза ауыз суға қол жеткізу үшін техникалық және әлеуетті қолдау көрсету, ең озық тәжірибелерімен бөлісуді, шекарасының тыс инфрақұрылымға инвестиция салу және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруді жалғастыруға уәде етеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар