Түркия береке-бірлікпен барлық қиындықты жеңеді

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы «Ғасыр ынтымақтастығы науқанын» бастады.

1964159
Түркия береке-бірлікпен барлық қиындықты жеңеді

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы 6 ақпанда орталығы Кахраманмараштағы  жер сілкінісінен кейін жасалған ынтымақтастыққа назар аудару үшін «Ғасыр ынтымақтастығы науқанын» бастады.

Басқарманың мәлімдемесіне қарағанда «Біз Біргеміз» ұранымен басталған науқан жер сілкінісінен зардап шеккендердің жараларын жазуға бағытталған күрес пен күш-жігер. Бұл науқан  арқалы мемлекет пен елдің толық ынтымақтастығының маңыздылығына назар аударуда.

Науқан аясында жарияланған қоғамдық хабарламада жер сілкінісінің көлемі, іздеу-құтқару жұмыстары, көмек көрсету әрекеттері, мемлекеттің, азаматтық ұйымдардың және еріктілердің ынтымақтастығы туралы суреттер бөлісілді.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун науқанға берген бағасында 6 ақпанда 14 миллион адамға тікелей әсер еткен орталығы Кахраманмараштағы жер сілкінісінің үлкен қирау мен қасірет әкелгенін айтты.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «Президент Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігімен аймақтағы барлық мекемелер мен ұйымдар іздеу-құтқару және көмек көрсету жұмыстарына жұмылдырылды. Мемлекетіміз бен ұлтымыз жер сілкіністеріне душар болған бауырларымыздың қайғысын азайту және жараларын жазу үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып жұмыла атсалысты. Барша әлемге береке-бірліктің үлгісін көрсетті. Осы азапты күндерді артқа тастап, Түркияның жарасын емдеу, азаматтарымызды тезірек үйлеріне қайтару, аймақты қалпына келтіру және жандандыру үшін күні-түні бар күш-жігерімізбен жұмыс істейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар