Жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты

Жер сілкінісі салдарынан жарақат алғандар саны 107 мың 204 болды.

1962424
Жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты

Орталығы Кахраманмараштағы жер сілкінісінде адам шығыны 50 мың 96-ға көтерілді.

«Ғасыр апаты» деп аталған Кахраманмарашқа қарасты Пазарджык және Элбистан аудандарында 6 ақпан күні болған 7,7 және 7,6 баллдық жер сілкіністері жағдайды қиындатты.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) төрағасы Юнус Сезер 11 қалада үлкен шығынға себеп болған жер сілкіністерінің соңғы жағдайын жариялады.

Сезер зілзаладан қаза тапқандар санының 50 мың 96, жараланғандар санының 107 мың 204 болғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар