Израиль Түркияға көмегін жалғастырады

Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн Түркияға келді.

1946351
Израиль Түркияға көмегін жалғастырады

Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкінісіне қатысты «ғасырдың ең үлкен апаттың бірі» деді.

Коэн мен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу елорда Анкарада кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Сапарының мақсатының Израильдің жер сілкіністерінен кейін Түркиямен ынтымақтастығын көрсету екенін түсіндірген Коэн осы барыста екі жақты қарым-қатынастарды талқылады.

Коэн «Бұл қарым-қатынастар өткен жылдан тіпті жақсы деңгейге жетті. Мен Израиль үкіметі мен Израиль халқының атынан жер сілкіністерінде қаза тапқандарға шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендерге  қолдау көрсету уәделерімізді жеткізгім келеді» деген сөздер қолданды.

Жер сілкінісінен зардап шеккендердің барлығына қолдау көрсетуге тырысатындарын айтқан Коэн «Бұл жер сілкіністері-ғасырдың ең үлкен апаттың бірі» деді.



Ұқсас жаңалықтар