Уақытпен жарысып аман қалғандар

Жер сілкінісінен кейін қанша сағат өтсе де, құтқарушылар тырысып жатыр.

1945097
Уақытпен жарысып аман қалғандар
deprem kurtarma.jpg
deprem'de kurtarilanlar.jpg
deprem'de kurtarilanlar.jpg

Кахраманмарашта 6 ақпанда болған және Түркияны шайқаған 10 жер сілкінісінен кейін құтқарушылар үйінді астынан тірі адам алып шығу үшін жарысуда.  

Үміт әлі үзілмеген аймақтарда сағат сайын бір ғажайыптың жүзеге асуы үшін  үлкен күш-жігер жұмсалып жатыр.

Жер сілкінісінен кейінгі 116-шы сағатта Кахраманмараштан келген ғажайып хабар қуантты. "Эбрар" үйінің үйіндісінде жұмыс істейтін іздеу-құтқару тобы бір адамның тірі екенін анықтады. Тынымсыз жұмыстан кейін құтқарушылар үйінді астынан 8 жасар Рыдван Чакыроғлуны құтқарды.

Чакыроғлу жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Хатайдың Антакия ауданында қираған пәтердің үйіндісінде  бір әйелдің тірі екені анықталды. Жұмыстарын осы аймақта шоғырландырған іздеу-құтқару топтары, әскери қызметкерлер мен еріктілерден тұратын топ дәліз ашып, 116 сағаттан кейін Хуля Байракты алып шықты.

Кахраманмарашта құтқарушылар қала орталығындағы көпқабатты үйдің үйінділерінде жұмыстарын күшейтті.

Құтқару істері нәтижесінде 20-дағы жас жігіт жер сілкінісінен 116 сағат өткен соң үйінді астынан шығарылды.

Кахраманмараштағы апаттан 116 сағат өткен соң 51 жастағы адам тірілей құтқарылды.

Оникишубат ауданы Хайрулла ауданында қираған "Биргүл" үйінің үйіндісінде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырған топтар үйінділер астынан кеше шығарылған 20 жастағы Дерман Недирлидің әкесі Мевлүт Недирлимен байланыс орнату жұмыстарын күшейтті. 116 сағаттан кейін құтқарылған Мевлүт Недирли медициналық қызметкерлерге тапсырылды.

Кахраманмараштың сол ауданындағы апатты жағдайда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырған топтар 34 жастағы Хасан есімді Сирия азаматымен байланыс орнатты. 117 сағаттан кейін зардап шегуші құтқарылды. 

Хатайдағы жер сілкінісінен 119 сағаттан кейін үйінді астында қалған бала аман шықты. 

Хатайдың Акевлер ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде 119-шы сағатта үйінді астынан бір бала құтқарылды.

Хатайдың сол ықшам ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде 120-шы сағатта үйінді астынан тағы бір бала құтқарылды.

Кахраманмараштағы жер сілкінісінде үйінді астында қалған 70 жастағы Менекше Табак 122 сағаттан кейін құтқарушылардың арқасында аман шықты.

«Ғасыр апаты» деп сипатталған Кахраманмараштағы жер сілкінісінен зардап шеккен Хатайда 116 сағаттан кейін ғимарат үйіндісінің арасынан мысық құтқарылды.



Ұқсас жаңалықтар