Түркиядағы зілзалада 5894 кісі қаза тапты
Вице-президент Фуат Октай жер сілкінісінен 5 мың 894 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
Кахраманмараштың Пазаржык ауданында 7,7, Елбистан ауданында 7,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5 мың 894 адамға көбейді.
Вице-президент Фуат Октай 6 ақпан күні орын алған эпицентрі Кахраманмараш жер сілкінісінен 5 мың 894 адамның қаза тапқанын, 34 мың 810 адамның жараланғанын хабарлады.
Оқтай қираған ғимарат санының 5 мың 775, қирандылардан құтқарылғандардың 8 мыңға жуық екенін атап көрсетті.
Октай «Біздің іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл әрекеттер үйінді астындағы соңғы азаматқа жеткенше жалғасады» деген сөздер қолданды.
Вице-президент іздеу құтқару жұмыстарында 60 мың 218 адам жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.
Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс төрағасы Иран халқына көңіл айтты
ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.