15 айлық сәби аман шықты

Алғашқы медициналық көмек көрсетілген сәби жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

1943183
15 айлық сәби аман шықты

Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін Мендерес ауданындағы қираған бір ғимараттың үйіндісі арасынан 15 айлық сәби шығарылды.

Эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык және Елбистан аудандары болған 7,7 және 7,6 балдық екі  жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалғандарды құтқару мақсатында Мендерес төңірегінде жүргізілген жұмыстардан сүйінші хабар келіп жетті.

10 қабатты ғимараттың қирандыларынан естілген дыбыстарға шоғырланған құтқарушы топ шамамен 31 сағат бойы үйінді астында жатқан 15 айлық Мерям Ышыкты құтқарды.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілген сәби жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Сәбидің анасының үйінді астында екені жөнінде ақпар алған  құтқарушылар сол жерде жұмысты жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар