Түркия Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды айыптады

Түркия Әзербайжанның Тегеран елшілігіне жасалған опасыз шабуылды қатаң түрде айыптады.

1938635
Түркия Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды айыптады

Иранның астанасы Тегерандағы Әзербайжанның елшілігіне қарулы шабуыл жасалды. Шабуылда елшіліктің қауіпсіздікке жауапты басшысы қаза тапты.

Осы қанды оқиғаға орай, Түркия Иранның астанасы Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған опасыз шабуылды қатаң түрде айыптағанын және әрқашан Әзербайжанмен бірге екенін жариялады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде "Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлұ Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті" делінді.

Мәлімдемеде «Министр Чавушоғлу  Әзербайжан елшілігіне жасалған опасыз шабуылды қатаң түрде айыптайтынымызды және әрқашан бауырлас Әзербайжанның жағында екенімізді атап өтті. Чавушоғлу қаза тапқан елшілік қызметкеріне көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі» делінді.

 



Ұқсас жаңалықтар