Эмине Ердоған Мәулананы еске алды

Ердоған Әзірет Мәулананың дүниеден озғандығының 749-шы жылдығына орай хабарлама жариялады.

1920236
Эмине Ердоған Мәулананы еске алды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы, Эмине Ердоған Әзірет Мәулананың дүниеден озғандығының 749-шы жылдығына орай хабарлама жариялады.

Эмине Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде «Ұлы ислам ойшылы Әзірет Мәулананың ізгілікке, ақиқатқа, сүйіспеншілік пен төзімділікке шақыруы адамзаттың ең маңызды мұрасы. Ақиқатты іздеген әрбір жанның жүрегін сауықтырып, қасиетті махаббатты үйреткен Әзірет Пірді дүниеден озғандығының 749-шы жылдығына орай құрмет және Алланың рақымымен еске аламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар