Ердоған Түркияның күшейгенін айтты

Президент Ердоған Әділет және даму партиясының орталығында өткен уәлаят төрағаларының жиналысында сөз сөйледі.

1912928
Ердоған Түркияның күшейгенін айтты

Президент Режеп Ердоған Түркияның 2022 жылды рекордтық өсу деңгейінде аяқтайтынын айтты.

Президент Ердоған өзі басқаратын Әділет және даму партиясының орталығында өткен уәлаят төрағаларының кеңейтілген жиналысында сөз сөйледі.

«Түркия ғасыры» бағдарламасымен республикамыздың жаңа ғасырға бұдан да үлкен армандар және толқулармен кіретін үміт сәулесін жақтық» деген Ердоған:

«Түркияның 2022 жылдың үшінші тоқсанындағы өсуі 3.9 деп жарияланды, ал екінші тоқсандағы өсу 7.7 пайыз ретінде жоғары көтерілді. Түркия үшін жаһандық рецессия алаңдаушылықтары артқан кезеңде өсуін жалғастыруы өте құнды. Біз 2022 жылды әлеммен салыстырғанда рекордтық деңгейде аяқтау арқылы 2023 жылға жақсы бастамамен кіретінімізге үміттіміз» деп көрсетті.

Президент Ердоған:

«Егер Түркия бүгін экономикада сілкініс үстінде болса, үшінші тоқсанда экономикалық өсімде 3.9 пайызға жетіп, әлемдегі ең ірі экономикалар арасында 19 ел және Еуропалық Одақ комиссиясынан құралған Дамыған-20 елдері арасында алғашқы 5-ке кіруі Түркияның күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Түркияның өсуін ешкім тоқтата аламайды» деді. 

Президент азаматтарға экономикалық қолдау көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар