Министр Акар украин әріптесімен телефонда сөйлесті
Украинадағы кемелер мен ұшақтардың елге қауіпсіз оралуы тақырыбы талқыланды.
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар украиналық әріптесі Алексей Резниковпен телефон арқылы сөйлесті.
Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда Акар мен Резников әңгіме барысында Украина порттарында күтіп жатқан коммерциялық кемелер мен A400M әскери жүк ұшақтарының Түркияға қауіпсіз түрде оралуын қамтамасыз ету тақырыптары талқыланды.
Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдары басталған соң кейбір сауда-саттық кемелер мен гуманитарлық жәрдем тасымалдаған әскери жүк ұшақтары Украинадан шыға алмаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Хафан Фидан Ханке Брюинс Слотпен кездесті
Хакан Фидан Голландия Сыртқы істер министрі Ханке Брюинс Слотпен кездесті.
Ердоған Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті.