"Мұсылмандар бірлік болуы керек"

Президент Ердоған 20-шы MAS-ICNA конгресіне бейне үндеу жолдады.

1753472
"Мұсылмандар бірлік болуы керек"

Президент Режеп Тайып Ердоған күшейіп келе жатқан исламофобия, ксенофобия және мәдени нәсілшілдікке қарсы ынтымақтың одан әрі нығайтылуы керектігін айтты.

«Мұсылмандар өзара бірге болса ғана бейбітшілікке қол жеткізе алады» деді ол.

Президент Ердоған жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен он мыңдаған мұсылманның басын қосатын 20-шы MAS-ICNA конгресіне бейне үндеу жолдады.

Ердоған өз жолдауында былай деді: “Раббымыз Құран Кәрімде әрбір қиындықпен бірге міндетті түрде бір жеңілдік бар екенін сүйіншілейді. Рухани жетекшілеріміздің бірі Мәулана Раббымыздың бұл сүйінші хабарын сөзбе-сөз түсіндірді: “Үмітсіздіктен кейін үміт көп, қараңғылықтан кейін әлі де күн туады”. Біз бұл илаһи сүйіншіні күнделікті өмірімізде де, еліміз, ұлтымыз және үмметіміз үшін күресімізде де жалау қылдық. Қиындықтар мен ауыртпалықтарға кезіксек те, әрдайым артынан бізге жеңілдік беріліп отырды”.

Ковид-19 індетінен кейін жеңілдік пен жайлылық болатынын білдірген Ердоған: «Ол үшін сақтық шараларын қабылдап, оған бағыну арқылы күресімізді табандылықпен жалғастыруымыз керек» деді.

Эпидемия салдарынан жұмысынан айырылған адамдарға көмектесуді ұсынған президент Ердоған қоғамның әл-ауқаты үшін күш-жігерді арттыру қажеттігіне назар аударды.

Ердоған «Індетпен бірге артқан исламофобия, ксенофобия және мәдени нәсілшілдік сияқты ағымдарға қарсы ынтымақтастығымызды одан әрі күшейтуіміз керек. Мұсылмандар бейбітшілікке тек өз араларында бірге болуы арқылы қол жеткізе алады. Жаһандық бауырластығымыздың этникалық және мәдени өзгешеліктер себебімен бұзылуына жол бермеуіміз керек.  Қай нәсілден, түстен, тайпадан, мәдениеттен, сектадан болсақ болайық,  барлық мұсылмандар – бауырлас» деген сөздер қолданды.

Ердоған Исламда алауыздыққа, ұлтшылдыққа, бүлік пен терроризмге орын жоқ екенін атап көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар