Румейса Гелги - ең ұзын бойлы әйел

Румейса Гелги 2 метр 15 сантиметрлік бойымен әлемдегі ең ұзын бойлы әйел ретінде  Гиннес Рекордтар кітабына енді.

1719163
Румейса Гелги - ең ұзын бойлы әйел

Румейса Гелги әлемдегі ең ұзын бойлы әйел атағын алды.

Sputnik-тің хабарына қарағанда Карабуктің Сафранболу ауданында тұратын 24 жастағы Румейса Гелги 2 метр 15 сантиметрлік бойымен әлемдегі ең ұзын бойлы әйел ретінде  Гиннестің Рекордтар кітабына енді.

2014 жылы ең ұзын бойлы жас әйел атағын алған Румейса мамыр айындағы өлшеулерден кейін ең ұзын бойлы әйел атағын алды.

Бойының жылдам ұзаруына себеп болған Уивер синдромына ұшыраған Гелги ауруы себепті мүгедектер арбасы мен жаяу жүргінші арбасын қолданады.

Сонымен бірге әлемдегі ең ұзын бойлы ер адам да Түркиядан шықты.

Сұлтан Көсен 2 метр 51 сантиметр бойымен әлемдегі ең ұзын бойлы ер адам ретінде  Гиннестің Рекордтар кітабына енген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар