Ердоғаннан тұрғын үй жобасы хабарламасы

Президент Ердоған жоба аясында 81 қала мен 922 ауданда 300 мың үй салынғанын мәлімдеді.

1693261
Ердоғаннан тұрғын үй жобасы хабарламасы

Президент Режеп Тайып Ердоған 2012 жылы басталған «Үлкен жер сілкінісіне қарсы төзімді баспаналар» жобасы аясында Түркияның барлық жерінде жұмыстардың жылдам жалғасқанын атап көрсетті.

Ердоған Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада қалалық өзгеріс жұмыстары аясында жер сілкінісіне төзімді тұрғын үй қорын үнемі арттырып отырғандарын баса айтты.

Президент Ердоған табандылықпен жалғастырып жатқан жоба аясында 81 қала мен 922 ауданда 300 мың үйдің жер сілкінісіне төзімді түрде салынғанын мәлімдеді.

Президент Ердоған тұрғын үйлердің 100 мыңының Стамбулда орналасқанын және инвестициялық құнының 90 миллиард лира екенін  хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар