Түркияның медициналық жәрдемдері жалғасуда

Түркия жаңа коронавирус індетінен зардап шеккен елдерге медициналық жәрдемдерін жалғастыруда.

1429232
Түркияның медициналық жәрдемдері жалғасуда

Түркия жаңа коронавирус індетінен зардап шеккен елдерге медициналық жәрдемдерін жалғастыруда. 

Президент Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығы бойынша Түркия жаңа коронавирус індетімен күресуге қолдау мақсатымен Нигерге медициналық маска, бетті қорғайтын қалқан, қорғаушы киім сияқты көптеген алдын алуға арналған денсаулық сақтау материалдарын жіберді. 

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дайындалған материалдар Этимесгут әскери әуежайында Түрік Қарулы күштеріне тиесілі A 400M типі үлкен жүк ұшағына жүктелді. 

Нигерге ұшқан ұшақтағы жәрдем бұйым пакеттің үстінде Президенттік эблемамен қатар Мәулананың "Үмітсіздіктің артында қаншама үміт бар. Қараңғы түнектен кейін қаншама шуақты күндер бар" деген сөздер орын алды. 

 



Ұқсас жаңалықтар