Америкалықтар мен туристтерге 2016 жылғы төңкеріс әрекеті туралы баяндалды

Таймс алаңында 15 шілде төңкеріс әрекетіне байланысты көріністер жарияланды.

1233981
Америкалықтар мен туристтерге  2016 жылғы төңкеріс әрекеті туралы баяндалды

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы Таймс алаңында америкалықтар мен туристтерге Фетуллахшы террор ұйымының 2016 жылғы төңкеріс әрекеті туралы баяндалды.

Түрік-Америка Ұлттық бағыт беру комитетінің ұйымдастыруымен Таймс алаңында 15 шілде төңкеріс әрекетіне байланысты көріністер жарияланды.

Сонымен бірге ТР Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының жобасы шеңберінде түсірілген «The Network» деректі фильмі де таныстырылды.

Түрік-Америка Ұлттық бағыт беру комитетінің тең төрағасы Халил Мутлу Түркияға қарсы жасалған,  алайда түрік ұлтының батылдығымен тойтарылған төңкерістің үш жылдығы екенін айтты. «Осы опасыз әрекет және ФЕТО ұйымының шын бет-бейнесін америкалықтарға паш ету үшін алдынғы күні Нью-Йорктың Таймс алаңында цифрлық экрандармен таныстыру жүргіздік» деді ол.

Мутлу: «Бүгін де «The Network» деректі фильмін көрсетеміз. Осының барлығы америкалықтар мен туристтерге 2016 жылдың 15 шілде күні Түркияда не болғаны туралы және ФЕТО ұйымының шын бейнесі жөнінде кең мағлұмат береді» деді.



Ұқсас жаңалықтар