Грекияға өтуге әрекет жасаған 42 шетелдік ұсталды

Чанаккале қаласының Айваджык ауданында заңсыз жолмен Грекияның Мидилли аралына өтуге әрекет жасаған 42 шетелдік ұсталды.

1017038
Грекияға өтуге әрекет жасаған 42 шетелдік ұсталды

Чанаккале қаласының Айваджык ауданында заңсыз жолмен Грекияның Мидилли аралына өтуге әрекет жасаған 42 шетелдік ұсталды.

Күзету қызметін атқарған теңіз күзету топтары Сивридже мүйісі маңында бір топтың үрлемелі қайықпен Грекияның Мидилли аралы бағытына баруға тырысқанын анықтады.

Операция жасаған теңіз қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары 1 мил қашықтықтағы 42 шетелдік мигрантты ұстады.

Қайықпен Күчүккуйудағы Жағалау қорғау бөлімшесіне әкелінген шетелдіктерге осында қызметкерлер тарапынан аяқ киім, шалбар, тазалық материалдары және азық-түлік таратылды.

Заңсыз мигранттар тергеу жұмыстарының артынан Айваджыктағы шетелдіктерді кері қайтару орталығына өткізілді.



Ұқсас жаңалықтар