Президент Ердоған "RAINEWS24" телеарнасына сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодақ басшыларын сынға алды.

543368
Президент Ердоған "RAINEWS24" телеарнасына сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған төңкеріс әрекетінің артынан Еуропадан ешбір басшының Түркияға келмеуін сынға алды.

Ердоған «криминалды бір құрылым бар, бір жағымен P 2 ложасына ұқсас» деп, Фетуллахшы террор ұйымын (FETÖ) Италияда мемлекеттің маңызды міндеттеріне дендеп енген және ашылмаған кісі өлтіру қастандықтарына жауапты түнектегі масондық ложаға ұқсатты.

Президент Ердоған Италияның RAINEWS24 телеарнасына берген сұхбатында 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне тойтарыс берілгеніне қарамастан қауіптің жалғасқанын білдірді.

Президент Ердоған «Менің елімде төңкеріс әрекеті жасалды. Батыс демократияны жақтай ма, төңкерісті жақтай ма? Жасалған мәлімдемелерді естігенде ‘бұлар төңкерісті жақтайды’ деп ойлаймын» деді.

Ердоған Еуроодақ сыртқы жоғары өкілі Федерика Могеринидің төңкеріс әрекетінің артынан Түркия қабылдаған шешімдерді сынға алған сөздеріне де наразылық көрсетті.

Ердоған «Сіздерге сұраймын. Италиян парламенті бомбаланса қандай наразылық көрсетер еді? Могеринидің бір италияндық ретінде ұстанымы қалай болар еді? Бұдан былай (Еуроодақпен) кезең қалай жалғаспақ, мен осыған алаңдаймын» деді.

Могерини жайлы «Сырттан әңгіме айтпай, әңгіме айтудың орнына Түркияға келу керек еді» деген Ердоған «Парижде лаңкестік шабуылдар жасалып, 5-10 адам қаза табады. Барша сол жерге барады. Түркияда демократияға қарсы төңкеріс әрекеті жасалды. 238 шәйітіміз бар, бірақ Еуропадан ешбір басшы келмеді» деді.

15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетінің тойтарылғанына қарамастан Түркияда қауіптің жалғасқанына назар аударған президент Ердоған босқын дағдарысымен байланысты «Түрік азаматтарына виза жеңілдігі жасалмаған жағдайда, босқындарды кері қайтару келісімінің күші жойылады» деді.

Ердоған өлім жазасы жайлы қойылған бір сұраққа халықтың 57 пайызының мұны қалағанын атап, «Егер Мәжіліс мұны бекіткен жағдайда, ешкімнің айтар сөзі болмайды» деп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар