«Еуроодақ келісімге бағынбаған жағдайда, Түркияда бағынбайды»

Ердоған Полиция ұйымының 171-ші құрылу жылдығына орай президенттік сарайда полицияға үн қатты.

466455
«Еуроодақ келісімге бағынбаған жағдайда, Түркияда бағынбайды»

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодақ уәделерін орындалмаған жағдайда, 18 наурыз күні қол қойылған Босқындарды кері қайтару келісімінің жалғаспайтынын атап айтты.

Президент «Еуроодақ басуға тиісті қадамдарын баспаған жағдайда, мен бекітетін баптар бекітілмейді. Өйткені әр нәрсе келісім мәтінін де қалай жазылса солай іске асырылады» деді.

18 наурыз күні жасалған келісімнің ең маңызды мақсатының Эгей теңізінде босқын өлімдерінің алдын алу және заңсыз көшті заңды көшпен тіркеу екенін еске салған Ердоған қабылданған әр заңсыз босқын үшін Түркия қонақ еткен 1 сириялықтың заңды жолмен Еуроодақ мемлекеттеріне орналастырудың қамтамасыз етілетінін түсіндірді.

«Бұл алмасу 72 мың адамға ұласқанша жалғасады» деген президент кейін Еуроодақпен қайтадан келіссөз жасалатынын білдірді.

Еуроодақтың Түркиядағы сириялықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін барлығы 6 миллиард евро қолдау беру уәдесі бар екенін атап айтқан президент Ердоған «Негізінде Еуроодақ басқан бұл қадамдармен алдында жасауға тиісті жауапкершілігін сәлде болса орындайтын болады. Бірақ әлі орындалған емес» деді.

Президент «Еуроодақ келісімге бағынбаған жағдайда, Түркияда бағынбайды»​ деді.



Ұқсас жаңалықтар