Ердоған Ильхам Әлиевпен телефонда  сөйлесті

Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

2142084
Ердоған Ильхам Әлиевпен телефонда  сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда әңгімеде Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық оқиғалар талқыланды.

Әңгіме барысында  президент Ердоған Әзербайжан мен Армения арасындағы бітімгершілік процесінің оң ілгерілеуіне қанағаттанғанын білдіріп, Түркияның бұл процесті мұқият қадағалап отырғанын айтты.

Ердоған аймақтағы әділ және тұрақты бейбітшіліктің Әзербайжан, Армения және аймақтағы басқа елдер үшін жаңа көкжиек  әкелетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар