Нуман Куртулмуш Қазақстанға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш бағдарламасы аясында бас қала Астанадағы Ататүрік саябағын аралады.

2141517
Нуман Куртулмуш Қазақстанға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш ресми сапармен Қазақстанға барды.

Куртулмуш бағдарламасы аясында бас қала Астанадағы Ататүрік саябағын аралады.

Куртулмуш 19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар және спорт күні мерекесіне орай елорда Астанадағы Ататүрік мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Еске алу рәсіміне қатысқандар Мұстафа Кемал Ататүрік пен оның қарулас жолдастарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Еске алу рәсіміне Қазақстан Парламентінің депутаттары, Түркияның  Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Куртулмуш бастаған делегация саябақтағы Юнус Эмре мүсінін де тамашалады.

Куртулмуш ресми сапары аясында Қазақстанмен қазіргі ынтымақтастық пен парламентаралық байланыстарды нығайту мақсатында бірқатар кездесу өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар