Қожанасыр туралы фильм түсіріледі
Бакуде баспасөз мәслихаты өтті.
Бакуде VI Дүниежүзілік мәдениетаралық диалог форумы аясында «Насреддин Қожа (Қожанасыр)– қиын күндердің досы» фильміне қатысты баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев, фильмнің сценаристі, әрі режиссері Вагиф Мұстафаев және продюсері Заур Дарабзаде жауап берді.
2023 жылдың қазан айында Түркі әлемінің мәдени астанасы Шуша қаласында өткен Түріксой Тұрақты кеңесінің 40-шы отырысында түркі әлемінің ортақ фольклор кейіпкері Қожанасыр туралы фильм түсіру туралы шешім қабылданғанын еске салған Раев фильмді Ұйымға мүше елдердің мәдениет министрліктері мен Түріксой ұйымы түсіретінін айтты.
Түркі әлемінің ортақ фильмінің Әзербайжанмен қатар Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда түсірілетініне назар аударған режиссер Вагиф Мұстафаев «Фильмде түрік мемлекеттерінің режиссерлері бас қосады. Бар күш-жігерімізді үлкен жауапкершілікпен жұмсап, көрерменді қуантуды мақсат етеміз» деді.
Продюсер Заур Дарабзаде болса фильмнің осы жылдың тамыз айында түсіріле басталатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш Түркістанға барды
ТҰҰМ төрағасы «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» атты конференцияға қатысып, баяндама жасады.