Өзбек зиялылар ақталды
Кеңес Одағы режимі тарапынан әртүрлі жазаларға кесілген адамдарды ақтау жұмыстарын жүргізу үшін комиссия құрылған болатын.
1930-1938 жылдар аралығында Өзбекстанда бұрынғы Кеңес Одағы кезінде режимге қарсы болды деген себеппен түрмеге жабылып, жер аударылып, өлім жазасына кесілген 198 өзбек зиялысы сот шешімімен ақталды.
Өзбекстан Жоғарғы соты жасаған мәлімдемеде 1930-1938 жылдар аралығында концлагерьге жіберілген, түрмеге жабылған, жер аударылған және кеңес соттарының шешімімен ату жазасына кесілген 198 зиялыға қатысты істің аяқталғаны атап өтілді.
Кеңес үкіметі тарапынан Ташкент, Хорезм, Бұхара, Жизза және Наманган облыстары мен Қарақалпақстан облысында зиялы қауым өкілдері режимге қарсы шықты және ұлттық күреске қатысты, қарулы банда тобын құрды, қарулы бүлік шығарды, ұйымдастырды деп айыпталған болатын.
Енді Өзбекстан Жоғарғы соты бұл кісілерді ақтау туралы шешім қабылдады.
Өзбекстан үкіметінің шешімімен 1920-1950 жылдар аралығында бұрынғы Кеңес Одағы режимі тарапынан әртүрлі жазаларға кесілген адамдарды ақтау жұмыстарын жүргізу үшін комиссия құрылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.