Вице-президент Өзбекстанда Іскер әлемімен танысу бағдарламасына қатысты

Йылмаз: «Көшбасшыларымыз белгілеген 5 миллиард долларға жақындап келеміз».

2134379
Вице-президент Өзбекстанда Іскер әлемімен танысу бағдарламасына қатысты

Вице-президент Джевдет Йылмаз Түркия мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемінің 3 миллиард доллардан асқанын білдіріп, «Көшбасшыларымыз белгілеген 5 миллиард долларға жақындап келеміз» деді.

Джевдет Йылмаз ресми сапарымен Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі (DEİK) және Дүниежүзілік түрік іскерлер кеңесі (DTİK) ұйымдастырған Іскер әлемімен танысу бағдарламасына қатысты.

Йылмаз мұндағы сөйлеген сөзінде Түркия-Өзбекстан қарым-қатынастарының өте жоғары деңгейде және тарихи, мәдени байланыстардың болса өте тереңде екеніне назар аударып, екі ел арасында достықтан да жоғары бауырластық құқығы болғанын атап көрсетті.

Экономикалық және сауда қарым-қатынастарда өзара табыс принцибімен қозғалғандарын атап көрсеткен Йылмаз «Қазір 3 миллиард доллардан асатын сауда көлеміміз бар. Көшбасшыларымыз алға қойған 5 миллиард долларлық мақсатқа жақындап қалдық. Әртүрлі шаралармен таңдаулы сауда жүйесіндегі өнімдерді арттырудан бастап, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және кейбір бірлескен инвестиция мен жобаларға дейін көптеген салада қол жеткізген ілгерілеушілікпен бұл сауда көлемін әуелі 5 миллиардқа, кейін әлдеқайда жоғары деңгейге дейін жеткізетінімізге күмәніміз жоқ» деді.

Таңдаулы сауда келісімінің 1 шілде күні күшіне енгенін және белгілі өнімдерді қамтитынын айтқан Йылмаз екі елдің жыл сайын мұны одан да кеңейту үшін талпыныстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Түркияның Өзбекстанға салған тікелей инвестициясының 1,5 миллиард долларға жеткенін айтқан Джевдет Йылмаз Өзбекстандағы 1900-ге жуық түрік компаниясының осы елдің әрі экономикасы, әрі өркендеуі және жұмыспен қамтуына үлес қосқанын және бұл компаниялардың тоқыма, энергетика, қаржы, сақтандыру, металл және т.б. көптеген салаларда қызмет атқаратынын жеткізді.

Екі ел арасындағы экономикалық белсенділіктің артқанын және саяси қарым-қатынастардың керемет деуге болатын деңгейде екенін атап көрсеткен Йылмаз «Саясаткерлер мен мемлекеттік басқарушылар ретінде біздің міндетіміз – тиісті жағдайды жасау. Қалғаны жекеменшік саланың жұмысы, сіздің ісіңіз. Неғұрлым табысты болсаңыз, соғұрлым Өзбекстанға инвесторлар келеді. Мен әрқашан айтамын, инвесторлар инвесторларды тартады. Мәселелері шешілген табысты инвестор басқа инвесторлардың да назарын аударады» деді.



Ұқсас жаңалықтар