Тоқаев жасанды интеллект технологияларға тоқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов басқаратын жаңа үкіметтің бірінші кеңейтілген отырысына қатысты.

2098973
Тоқаев жасанды интеллект технологияларға тоқталды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологияларын экономикада кеңінен қолданудың аса маңызды екенін айтып, жаңадан құрылған үкіметке осы салада базалық институционалдық орта құруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов басқаратын жаңа үкіметтің бірінші кеңейтілген отырысына қатысты.

Қазақстан экономикасының өткен жылғы қорытындылары мен алдағы мақсатты міндеттер айқындалған жиында сөйлеген сөзінде Тоқаев «Өткен жылы ел экономикасы 5,1 пайызға өсті. Ең бастысы дамудың оң динамикасын сақтай алдық деді» деді.

Тоқаев жаңа үкіметтің басты мақсаты болып табылатын «2029 жылға қарай экономикалық көлемді 450 миллиард долларға дейін ұлғайту» үшін ел жыл сайын кемінде 6 пайыздық өсімге қол жеткізуі керек екенін атап өтті.

Экономикада дәйекті және серпінді ырықтандыру бағытын ұстану керектігіне назар аударған Тоқаев «Бұл Қазақстанды дамудың түбегейлі жаңа деңгейіне шығарудың жалғыз жолы» деді.

Жасанды интеллект саласындағы жетекші шетелдік сарапшыларды елге тарту үшін «Digital Nomad Residence» деп аталатын бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған Тоқаев «Біз елімізді әлемнің түкпір-түкпірінен цифрлық көшпенділер тартатын орынға айналдыруымыз керек» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар