Астанада түрік фильмі көрсетілді

«Соңғы хат» атты түрік фильмі өнер сүйер қауымнан жоғары баға алды.

2041474
Астанада түрік фильмі көрсетілді

Қазақстанда Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай түрік фильмі көрсетілді.

Юнус Эмре институты Чанаккале жеңісі туралы фильмді астаналық киносүйер қауымға ұсынды.

Астанада Юнус Эмре институты және Назарбаев университетімен бірлесіп өткізілген шараға жұртшылық үлкен қызығушылық танытты. Университеттің «Түрікше сөйлейтіндер» клубының бастамасымен көпшілікке ұсынылған фильмде Чанаккале жеңісі үлкен экранға шығарылды.

«Клубымызды 2017 жылы құрдық. Содан бері түрік тілі мен мәдениетін насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеміз. Соның бірі бүгін болып жатыр. Түркия Республикасының 100 жылдығына орай студенттер мен қызығушылық танытқандар үшін фильм көрсетілімін дайындадық. Юнус Эмре институты бізге үлкен қолдау көрсетті» деді «Түрікше сөйлейтіндер» клубының жетекшісі Балауса Әмір.

«Соңғы хат» атты түрік фильмі өнер сүйер қауымнан жоғары баға алды.  



Ұқсас жаңалықтар