Ресейден шыққан компаниялар үшін Қазақстанның қадамы

Қазақстан премьер-министрі шетел инвестициясын тарту саласында белсенділік танытқандарын айтты.

1872828
Ресейден шыққан компаниялар үшін Қазақстанның қадамы

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей нарығынан кеткен 250-ден астам компанияны, негізінен батыстық компанияларды көшіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, 45 компанияның бұл бағытта оң шешім қабылдағанын айтты.

Смайылов «Tengrinews» ақпараттық сайтына берген сұхбатында геосаяси дағдарыс пен Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге кері әсерін тигізгенін айтты. Ол шетел инвестициясын тарту саласында белсенділік танытқандарын атап өтті.

«Қазіргі уақытта біз Ресей нарығынан кетіп жатқан 250-ден астам компанияны Қазақстанға көшірумен айналысып жатырмыз. Бұлар негізінен шикізаттық емес салаларда жұмыс істейтін батыс компаниялары» деді ол.

Қазірдің өзінде 45 компанияның Қазақстандағы қызметін жалғастыру туралы шешім қабылдағанын атап көрсеткен Смайылов «Олардың өндірістерін біздің экономикамызда орналастыруы үшін біз әр компаниямен бөлек жұмыс істейміз және әр жоба үшін арнайы жұмыс топтарын құрдық» деді.



Ұқсас жаңалықтар