Түріксой әншілері видео клип дайындады

Әншілер Түріксой Халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен қырғыз халық әнін шырқады.

1398036
Түріксой әншілері видео клип дайындады

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой түркі әлемінің түрлі өнер қайраткерлері үйлерінен орындаған бір әнге клип дайындап,  “Үйде отыр” деді. 

Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның әншілері Түріксой Халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен қырғыз халық әнін шырқады. 

Жыл сайын Наурыз мерекесінде бас қосатын Түріксой өнерпаздарының биылғы турнелері коронавирус салдарынан болмай қалды. Түркі әлемінің әншілері үйлерінде отырып,  өз мүмкіндіктерімен концерт ұйымдастырды. Олардың көріністерінен дайындалған видео клип Түріксойдың әлеуметтік желілерінде жарияланды, сонымен бірге Қазақстан және Қырғызстанның мемлекеттік телеарналарында көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар