Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2142186
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Мен олардың талпыныстарына куә болдым» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Ибрахим Реиси, Сыртқы істер министрі Хүсейн Эмир Абдуллахиян және қасындағылардың тікұшақ апатында қайтыс болуына байланысты «Аймақтағы бейбітшілік үшін жасалған шынайы талпыныстарға куә болдық. Иран халқына шын жүректен көңіл айтамын. Түркия дос және бауырлас Иран халқының қасында» деді. Ердоған кешегі Министрлер кабинеті отырысынан кейін жасаған мәлімдемесінде Иран халқының басынан кешкен ауыр қайғысын бөлісу үшін Түркияда ұлттық аза тұту күнін жариялауға шешім қабылдағандарын айтты.

Сабах газеті «Министр Фиданның Иран үшін көңіл айту хабарламасы» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Пәкістан премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұхаммед Исхак Дармен бірге өткізген баспасөз мәслихатында «Өкінішке орай, Ираннан келген өлім хабарына қатты қайғырдық. Иран президенті Ибрахим Реисиге және менің құрметті әріптесім, қымбатты досым Хүсейн Эмир Абдуллахиянға Алладан рақым тілеймін» деді.

Хабер Түрік газеті ««Akıncı» ұшқышсыз әуе аппараты анықтады» деген хабарға орын берген. Иран Мемлекет басшысы мен кейбір лауазымдылар мінген тікұшақтың апатқа ұшырауының артынан Түркияның іздеу жұмыстарын жүргізу үшін жіберген «Akıncı» ұшқышсыз әуе аппараты тікұшақтың сынықтары деп есептелген жылу көзін анықтап, координаттарын Иран әкімшілігімен бөліскен болатын. Иран мемлекеттік телеарнасы Ибрахим Реиси мен Сыртқы істер министрі Хүсейн Эмир Абдуллахиян мінген тікұшақтың сынықтарының «Akıncı» ұшқышсыз әуе аппаратының анықтауынан кейін табылғанын хабарлады.

Стар газеті  «Министр Болат: Бірлескен жұмысымызды растадық» атты хабар жариялаған. Сауда министрі Өмер Болат Қаржы өнеркәсібі және сауда министрі Мусса Алассан Диалломен кездесуін бағалап: «Кездесуімізде 500 миллион долларлық сауда көлемі мақсатымызға жету үшін бірге жұмыс істеу мақсатымызды растадық» деді.

Хүрриет газеті «Түрік сериалдары Дубайда өте танымал болды» деген хабарға орын берген. Дубай экономика және туризм басқармасының басшысы Иссам Казим түрік сериалдары мен фильмдерінің Дубайда өте танымал екенін айтты. Казим аймақтағы түрік сериалдарының маңыздылығын білгендіктен қарым-қатынастарды жақсарту үшін жұмысты бастағандарын түсіндірді.

 



Ұқсас жаңалықтар