Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің баста тақырыптары.

2141717
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған жастармен бас қосты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған 19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар және спорт күні мерекесіне орай жастармен бас қосты. 19 мамыр күнінің құлдыққа қарсы азаттықтың символы болғанын атап көрсеткен президент Ердоған Түркияның ең үлкен күші мен үмітінің жастар екеніне назар аударды.

Хүррийет газеті «Ұлттық күрес рухына 105 жыл» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар және спорт күні еліміздің түкпір-түкпірінде қызу тойланды. Азаматтар Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің сүйегі жатқан Анытқабірге барды. Анытқабир арнайы кітабына қол қойған Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак «Әр салада елімізді және туымызды желбіретеміз» деді.

Стар газеті «Қаратеңізде алдында табиғи газ табылса, қазір мұнай резерві ашылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Қаратеңізде табиғи газ табылғаннан кейін аймақтан қазір мұнай туралы жақсы хабар жеткізе алатындарын мәлімдеді. Министр Байрактар ​​«Қаратеңізде мұнай резервінің белгілері анықталды. Зерттеулеріміз жалғасуда жақында жақсы жаңалықтарды бөлісеміз деп үміттенемін» деді.

Йени шафак газеті «Мадуро Түркияға қатысты келісімге қол қойды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Венесуэла президенті Николас Мадуро Стамбулда Түркиямен қол қойылған инвестициялық келісімнің Венесуэлада мақұлдау процесінің аяқталғанын білдірген құжатқа тікелей эфирде қол қойды. Мадуро «Досым президент Режеп Тайып Ердоғанға ыстық сәлемімді жеткіземін» деді.

Ватан газеті «Биржа Стамбулға шетелдік қызығушылық» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Биржа Стамбулдағы шетелдік инвесторлардың үлесі 40 пайызға дейін өсті. Рейтингтің артуы және түрік экономикасындағы оң корпоративтік есептер шетелдік қызығушылықты одан әрі арттыратын сияқты. Жаңа шыңдар индексте тексерілуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар