Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2140756
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоғанның Палестинаға қолдауы» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен өткізген баспасөз мәслихатында «Барлық адамзат Палестина халқының заң негізіндегі азаттық күресін қолдауы керек. Мен Палестинаға бүкіл әлемде жалғасып жатқан қолдау әрекеттерін мағыналы және құнды деп қараймын» деді.

Сабах газеті «Грузия премьер-министрі: Ердоған нағыз көшбасшы» атты хабар жариялаған. Грузия премьер-министрі Кобахидзе Ердоғанның тек президен ғана емес, бүкіл Түркияның мүддесін қорғайтын нағыз көшбасшы екенін айтып, «Сіздің көшбасшылығыңыз бәрімізге үлгі» деді.

Хүрриет газеті «Түркия тарихындағы бірінші» деген хабарға орын берген. «Байкар» компаниясының басқару алқасының аға менеджері Халук Байрактар ​​кеше Польшаға «Bayraktar TB2» қарулы ұшқышсыз әуе аппаратының соңғы жүйесін жеткізгендерін айтып, «Осылайша Түркия тарихында алғаш рет НАТО және ЕО-ға  мүше елге  жоғары технологияға ие  қарулы ұшқышсыз әуе аппаратын экспорттауды сәтті аяқтадық» деді.

Йени Шафак  газеті «Сиркечи-Казлычешме желісі Еуропа тізімінде» атты хабар жариялаған. Көлік және инфрақұрылым министрлігі жаңарып, пайдалануға берген Сиркечи-Казлычешме теміржол желісі үшін мақтау. Бұл желі әлемдегі жетекші туристік сайттардың бірі «loneyplanet.com» арқылы Еуропада баратын 6 теміржол бағытының тізіміне енгізілген.

Стар газеті «Түркия биыл 58 университетпен ең көп орын алған ел болды» деген хабарға орын берген. Ұлыбританияда орналасқан «Times Higher Education» (THE) жоғары білім рейтинг агенттігінің 2024 жылғы «Жас университеттер рейтингінде» әлемнің ең үздік жас университеттерін қамтитын Түркия биыл 58 университетпен ең көп  орын алған ел болды.



Ұқсас жаңалықтар