Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2140390
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак «Ердоған: Хамас Газада Анадолудың алдыңғы шебін қорғап жатыр» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Әділет және даму партиясы  топ жиналысында Хамасқа қатысты маңызды мәлімдемелер жасады. Президент Ердоған «Израиль Газада тоқталып қалады деп ойламаңыздар. Егер бұл мүйізді мемлекет тоқтатылмаса, олар ерте немесі кеш көзін Анадолыға тігеді» деді.

Сабах газеті «Министр Фидан Блинкенмен сөйлесті» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті. Дипломатиялық дереккөздерден алынған мәліметтерге қарағанда Фидан Блинкенмен әңгімесінде Израильдің Рафахқа шабуылын қабылдауға болмайтынын білдірді.

Хүрриет газеті  «Министр Шимшек: ЕО-мен қарым-қатынастарды жандандырып жатырмыз» деген хабарға орын берген. Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек кеше жасаған мәлімдемесінде «Еуроодақпен қарым-қатынасымызды жандандырып жатырмыз, осы мақсатта кеше Брюссельде маңызды кездесулер өткіздік» деді.

Стар газеті «Fitch-тен Түркия жайлы таңғажайып жаңалық» атты хабар жариялаған. «Fitch» несие рейтинг агенттігі Түркияның қарыз капиталы нарықтарының инвестор сенімінің артқанын білдіргенін жариялады.

Хабер Түрік газеті «2 жылда Ризе-Артвин әуежайында 2 миллионға жуық жолаушы» деген хабарға орын берген. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу кеше жасаған мәлімдемесінде Ризе-Артвин әуежайын 2022 жылдың 14 мамырында ашылғаннан бері 1 миллион 927 мың 680 жолаушы пайдаланғанын айтты.

 

 


Этикеттер: #қарыз , #АҚШ , #Газа , #Хамас

Ұқсас жаңалықтар