Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2137339
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан Түркі Мемлекеттері Ұйымына үндеу» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан премьер-министрі Али Асадовпен кездесуінде Израильдің шабуылдары астындағы Газада бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу үшін Түркі Мемлекеттері Ұйымының бұдан да жан-жақты ынтымақтастық жасай алатынын айтты.

Хабер Түрік газеті «Ең көп көмек Түркиядан» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжу Кечели «Газаға жеткен гуманитарлық көмектің 30 пайызын қамтамасыз еткен Түркия - палестиналықтарға ең көп көмек көрсеткен ел» деді.

Хүрриет газеті «Көрші Мицотакистің Түркия сапарына назар аударды» деген тақырып қолданған. Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің 13 мамырда Түркияға жоспарланған сапары көршілес елде толқу туғызды. Грек баспасөзінде 14 айлық жағымды атмосферадан кейін президент Ердоғанның диалог және дипломатия туралы айтқан соңғы мәлімдемесінің Грекияға достық қолынан да көп мағынаға ие екені баса айтылды.

Йени Шафак газеті «Түркияда өндіріліп бүкіл әлемге экспортталады» деген хабар жариялаған. Өткен жылы Артвиндегі Чорух өзеніндегі бөгет көлдерінде және теңізде құрылған нысандарда 14 мың 400 тонна түрік лососі өндірілді. Түрік лососі деп аталатын балық дүние жүзіне, әсіресе Жапония мен Ресейге экспортталып отыр.

Стар газеті «Tүрік лирасы активтеріне қызығушылық артып келеді» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда, экономикалық басшылық қабылдаған қадамдар мен Орта мерзімді бағдарлама мақсаттарына деген тұрақты міндеттемемен қатар халықаралық несие рейтингтік агенттіктерінің оң шешімдері түрік лирасы активтеріне қызығушылықты арттырып отыр.



Ұқсас жаңалықтар