Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2134488
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған 1 мамыр Еңбек және ұйымшылдық күнін атап өтті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған 1 мамыр Еңбек және ұйымшылдық күнін құттықтады. Ердоған «Елімізге қоса, бүкіл әлемде тойланатын ‘1 мамыр Еңбек және ұйымшылдық күнімен» құттықтаймын. Халал табысқа бел буған барша жұмысшы және еңбек ері бауырларыма сәлем мен махаббатымды жолдаймын’ деді.

Хүррийет газеті «Сыртқы істер министрі Хакан Фидан: Израильге қарсы қозғалған “геноцид” қылмыстық ісіне қосылуға шешім қабылдадық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше бас қала Анкарада Индонезия Сыртқы істер министрі Марсудимен ортақ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады. Фидан «Мен бұл жерде бірінші рет жария еткім келеді. Біз Оңтүстік Африканың Израильге қарсы Халықаралық сотқа берген ісіне араласуға шешім қабылдадық» деді.

Ватан газеті «Джевдет Йылмаз Өзбекстан президенті Мирзиеевпен бас қосты» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Вице-президент Джевдет Йылмаз ресми байланыстар үшін барған Өзбекстанда президент Шавкат Мирзиеевпен бас қосты. Вице-президент Йылмаз «Өзбекстанмен ортақ тарихи-мәдени байланыстарымыз аясында «Тілде, ойда, істе бірлік» деген ұранмен қалыптасқан достығымыз бен бауырластығымызды одан әрі нығайта береміз» деді.

Сабах газеті «Қаратеңізде табиғи газдан кейінгі мұнай» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Түркияның энергетикалық тәуелсіздік мақсатына байланысты өте маңызды мәлімдемелер жасап, жаңа сүйінші хабар берді. Министр Байрактар ​​«Маусым айында Сакария газ кәсіпшілігінің оңтүстігінде мұнай ұңғымасын ашамыз. Сондай-ақ Синоп, Трабзон және Ризе жағалауындағы жерлерді де анықтадық» деді.

Хабер түрік газеті «Круиздік жолаушылар тасымалы 61 мыңнан асты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияға келетін, Түркиядан басқа елдерге баратын және транзиттік жолаушыларды қамтитын круиздік кеме жолаушылар саны биылғы жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 79,15 пайызға артып, 61 мың 113-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар