Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2100065
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті  «Қорғаныс өнеркәсібі инвестицияларын жер сілкінісі аймағына бағыттаймыз» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Адыяманда өткен «Жер сілкінісінде зардап шеккендерге үй салу рәсіміне» қатысты. Ердоған 2 мың 798 үйді тапсыру рәсімінде «Қорғаныс өнеркәсібі инвестицияларын жер сілкінісі аймағына бағыттаймыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Путиннің Түркияға сапарының күні әлі анықталған жоқ» деген тақырып қолданған. Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Песков кеше жасаған мәлімдемесінде Ресей лидері Путиннің Түркия сапарына дайындықтың жалғасып жатқанын білдіріп, «Күні нақтыланған кезде оны серіктестерімізбен бірге жариялаймыз» деді.

Стар газеті  «Бір аптада 44 террорист залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігінде кеше өткізілген ақпарат жиналысында жүргізілген операциялар нәтижесінде соңғы аптада Ирак пен Сирияның солтүстігін де қосқанда барлығы 44 террористтің залалсыздандырылғаны айтылды.

Сабах газеті  Анталиядағы туризм хабарына орын берген. Өткен жылды туризмде рекордпен аяқтаған Анталия 2024 жылдың бірінші айында 229 мың 97 туристті қабылдады. Бұл турист саны  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,13 пайыз артты деген мағынаға келеді.

Ватан газеті «2023 жылы Түркиядан әлемдік ұн экспорты рекорды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Түркия 2023 жылы 3 миллион 663 мың тонна ұн экспорттап, әлемдік рекорд орнатты.



Ұқсас жаңалықтар