Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2095593
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Фиданның Монтре конвенциясы мәлімдемесі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қаратеңізде бейбітшілікті сақтау және оған қауіп төндіретін бастамалардың алдын алудың басты басымдықтары арасында екенін айтты. Фидан «Бұғаздардың мәртебесі туралы Монтре конвенциясын» толық орындауды жалғастыратындарын білдіріп, «Бұл мәселені талқылау былай тұрсын, қарастыру да мүмкін емес» деді.

Йени шафак газеті «Бір жылда террористік ұйымдарға қарсы 28 мыңнан астам операция жасалды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Али Йерликая 2023 жылы террор ұйымдарына қарсы 28 мың 315 операция жасалғанын, операцияларда 923 террористтің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Стар газеті «Еуропа елінен Түркияға «Bayraktar TB2» ұсынысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Фиданның Румыния сапары алдында Түркияның технологиялық кереметі «Bayraktar TB2» Қарулы пилотсыз әуе көліктері туралы керемет мәлімдеме жасалды. Түркияның Бухаресттегі елшісі Өзгүр Кыванч Алтан «2023 жылы Румыния 18 дана қарулы пилотсыз әуе көлігімізді «Bayraktar TB2»-ді сатып алды. Румынияның бұл өнімдерді бірлесіп өндіру сұранысы да бар» деді.

Хабер түрік газеті «Түркия өткен жылы 70 елге экспортта рекорд орнатты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия өткен жылы 240-тан астам ел мен кеден аймағына 12 мың 886 өнім сатты, осы елдердің 70-іне тарихтың ең жоғары экспорты жүзеге асырылды.

Хүррийет газеті «ТӘЖ-ге үш сыйлық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік Әуе жолдары Дублинде өткен «Airline Economics Aviation 100» сыйлық рәсімінде «Жылдың үздік келісімі (жаһандық)», «JOLCO жылдың қаржыландыруы» және «Жылдың сақтандыру кепілдігімен қаржыландыруы» сыйлықтарын алды.



Ұқсас жаңалықтар