Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2064658
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Фидан: атысты тоқтатуға дереу қол жеткізу керек» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы Бейбітшілік үдерісі бойынша арнайы үйлестірушісі Тор Веннесландпен телефон арқылы сөйлескен кезде Газада болған оқиғаның екі мемлекетті шешімді жүзеге асырудың маңызды екенін дәлелдейтінін атап өтіп, «Тез арада атысты тоқтатуға қол жеткізу керек. Осыдан кейін тұрақты және әділ бейбітшілік орнату үшін әрекет ету қажет» деді.

Стар газеті Газадағы оқиғаларға орын берген.  Хабарға қарағанда,  Түркия Газа тұрғындары үшін қадам басты.  Денсаулық сақтау министрлігінің командалары Рафах шекара қақпасына жақын аумақта далалық аурухана құру үшін көмектесіп жатыр және Палестинада далалық аурухана құру істерін бастады.

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның месхет түріктерінің жер аударылуына байланысты жазбасына орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған месхет түріктерінің жер аударылуының  79-жылдығына арналған жазбасында «Месхет түрік бауырларымыздың құқықтарын әр платформада қорғауды жалғастырамыз» деді.

Хүрриет газеті «TB3 6-шы сынақ ұшуын сәтті аяқтады» деген хабар жариялаған. «Байкар» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Селчук Байрактар ​​қарулы ұшқышсыз әуе көлігі «Bayraktar TB3» 6-шы сынақ ұшуын сәтті аяқтағанын хабарлады.

Сабах газеті «Түркияның балғын жеміс-жидек және жас көкөніс экспорты 3 миллиард долларға жақындады» деген тақырып қолданған.  Жерорта теңізі балғын жеміс-көкөніс экспорттаушылар қауымдастығының президенті Ферхат Гүрүз Түркияның ел көлемінде қазан айында жаңа піскен жеміс-көкөніс экспортының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31 пайыз өсіммен 314 миллион долларға жеткенін айтты. Ол қаңтар-қазан кезеңінде көкөніс экспорты 2,6 миллиард доллардан асқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар