Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1949922
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Біз қиындықтарды тез жеңеміз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісі болған  Османие және Газиантепке жасаған сапары кезінде қолдағы барлық мүмкіндіктерді пайдаланғандарын айтып, «Біз қала орталықтары сияқты 1 жылдың ішінде ауылдарымызды қалпына келтіруді мақсат етіп отырмыз. Измир жер сілкінісі кезінде Измирді қалай қалпына келтірсек, бұл билік қазір де 11 аймақтағы қиындықтарды тез жеңеді» деді.

Хабер Түрік газеті «Акар: 20 мың сириялық өз жерлеріне оралды» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар ғасырдың апатынан кейін Сириядан Түркияға босқындар ағылғаны туралы пайымдаулардың шындыққа жанаспайтынын білдіріп, «Түркиядан Сирияға бір бағытта үйлері мен жерлеріне қайтып жатқан Сирия азаматтары бар. Қазір бұл көрсеткіш 20 мыңнан асты» деген сөздер қолданды.

Сабах газеті «БҰҰ Түркия мен Сирияға көмекті тездетуге шақырды» деген хабарға орын берген. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мүше елдерді жер сілкінісінен кейін Түркия мен Сирияға басталған көмек науқанына тезірек үлес қосуға шақырды.

Стар газеті «Дүниежүзілік сауда ұйымында Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды» атты хабар жариялаған. Дүниежүзілік сауда ұйымының бейресми бас кеңесі отырысында Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Йени Шафак газеті «Мұнай тоғыз облыста іздестіріледі» деген хабарға орын берген. Ресми газетте жарияланған шешімге сәйкес Түркия мұнай корпорациясына Диярбакыр, Шанлыурфа, Бингөл, Элазыг, Анталия, Адыяман, Газиантеп, Килис және Кахраманмараштағы 15 кен орны үшін мұнай барлау лицензиялары берілді.

 



Ұқсас жаңалықтар