Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1929841
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Президент Ердоған университет студенттеріне үн қатты» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған жастардың болашақтың кепілі екенін айтты. Кеше Стамбуллдағы сөзінде  Ердоған «Жастармен мақтанамыз. Түркия ғасырын жастарға тапсырамыз. Ұлтымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын жастарымыз жүзеге асырады» деген сөздер қолданды.

Стар газеті  «Түркия өзін көрсетті» атты хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк АҚШ сапары аясында  кеше  CES 2023 тұтынушылық электроника жәрмеңкесіне қатысты. Бұл жерде  Жергілікті автомобиль TOGG-ның стендіне барды. Варанк осында жасаған мәлімдемесінде «TOGG-ның Түркияда сатылымға шыққаннан кейін 2 жыл ішінде экспорттауды бастау мақсаты бар. Қазірдің өзінде әлемнің әртүрлі елдерінен сұраныстар түсіп жатыр. Таяу Шығыстан, Орталық Азиядан және Еуропадан бұл көлікті қалай сатып алуға болады, қалай оның дилері бола аламыз деген сұрақтарға қызығушылық бар» деп көрсетті.

Ватан газеті «Германияға экспортта тарихи шыңға жетті» деген хабар жариялаған. Түркияның Германияға экспорты өткен жылы 18 миллиард 910 миллион доллармен бұрын-соңды болмаған рекордқа жетті. Өткен жылы 4 миллиард 390 миллион доллармен Германияға ең көп экспортты автомобиль өнеркәсібі жасады.

Йени Шафак газеті «Гөбеклитепеге туристтер көп келуде» атты хабарға орын берген. Шанлыурфада 12  мың жылдық тарихымен «Тарих басталған жер» деп аталған және  ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енген Гөбеклитепеге 2022 жылы 850 мың турист келді. Гөбеклитепе  мұражай комплексіне деген қызығушылық жыл сайын артуда.

Сабах газеті  «Ұлттық конькиші Мұхаммед Боздаг Венгрияда екінші болды» деген хабар жариялаған. Ұлттық спортшы Мұхаммед Боздаг Венгрияда өткен «Short Track Challenge Series 2 Pannonia Open» жарысында күміс медаль жеңіп алды.



Ұқсас жаңалықтар