Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1870032
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Біз жаңа Чернобыльды бастан кешкіміз келмейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған жұмыс сапарымен барған Украинаlf әріптесі Владимир Зеленский және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен өткізген үшжақты кездесулердің артынан Украинаның Львов қаласында бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Үшжақты кездесуде басты мәселенің соғысты қалай аяқтау керектігі екенін айтқан Ердоған «Запорожье Атом электр стансасы төңірегінде болып жатқан қақтығыстарға алаңдаушылық білдірдік. Жаңа бір Чернобыль апатын бастан кешкіміз келмейді» деді.

Сабах газеті «Ердоған келіссөз үстелін нұсқады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда президент Ердоған үштік саммиттің артынан «Бар мәселе келіссөз үстеліне апаратын ең қысқа және әділ жолды анықтау» деді. Наурыз айында Стамбулда параметрлер үстінен келіссөздерді жандандырудың мүмкін екеніне сенетінін білдірген Ердоған  «Бұл мақсатта әртүрлі қолдауды көрсетуге қайтадан  жеңілдетуші немесе делдалдық рөлін атқаруға дайынбыз» деді.

Ватан түрік газеті «Украина порттарынан 622 мың тоннадан астам дәнді дақыл тасымалданды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрлігі 1 тамыз күнінен бері Украина порттарынан 622 мың тоннадан астам дәнді дақыл тасымалданғанын хабарлады.

Хабертүрік газеті «Анталияға келген шетелдік турист саны 8 миллионнан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда теңізі, жағажайлары, табиғаты, тарихи және мәдени құндылықтарымен жылдың 12 айында туристерді қабылдайтын Анталияға жылдың алғашқы 7,5 айында келген турист саны 8 миллионнан асты.

Йени Шафак газеті «Әлемнің назарын аударған түрік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2017 жылы 24 сағатта 13 елді аралап, Гиннесс рекордтар кітабына енген Үмит Сабанджы рекордын жаңартты. Сабанджы жоспарлы жолаушылар ұшақтары арқылы әлемді 46 сағат 23 минутта шарлау арқылы ең қысқа мерзімде бұған қол жеткізген тұлға болды.



Ұқсас жаңалықтар