Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1663098
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Жергілікті вакцинаның атауы белгілі болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған үшінші сатысының алғашқы қолданысы жүзеге асырылған жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) вакцинасымен Түркияда енді жаңа бір кезеңнің есіктерінің ашылғанын атап, отандық вакцинаға «TURKOVAC» атауы берілгенін мәлімдеді.

Сабах газеті «Ердоғаннан отандық вакцина туралы хабарлама» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Катар экономика форумында әлемдегі вакцина әділетсіздігіне қатысты айтқан сөзінде «85 кедей ел вакцинаға қол жеткізе алмай отыр. Вакциналар мен дәрі-дәрмектердің барлық елдерге әділетті түрде қол жетімді болуы керек» деді. Ердоған Түркияның отандық вакцинасының бүкіл адамзаттың вакцинасы болатынын мәлімдеді.

Хүррийет газеті «ЕО-дан Түркия мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың (ЕО) Түркиямен босқын келісімін жаңарту керектігін атап көрсетті.

Хабер түрік газеті «АҚШ-тың техникалық делегациясы Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ Қорғаныс министрлігінің техникалық делегациясының Ауғанстандағы Кабул Хамид Карзаи атындағы халықаралық әуежайға қатысты тақырыптарды талқылау үшін ертең Түркияға келетіні білдірілді.

Йени Шафак газеті «Биыл туристер саны 20 миллионнан асады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда туризм саласының өкілдері қабылданған шара мен шешімдердің артынан түрік жағажайларына сұраныстың көбейгенін және брондаулардың арта түскеніне назар аударуда. Ресейдің рейстерге рұқсат беру шешімінің артынан әуе жолы қатынасының алғашқы күнінен бастап 30 пайызға дейін өскені хабарланды. Былтыр 16 миллион турист келсе, биылғы болжамдар қазірден-ақ 20 миллионнан асып түсті.



Ұқсас жаңалықтар