ТРТ-нің цифрлық платформасы «tabii» бір жасында

Платформа алғашқы жылында 4 миллион абонентке қол жеткізді.

2136575
ТРТ-нің  цифрлық платформасы «tabii» бір жасында

Түркия Телерадио Корпорациясының (ТРТ) түрік телехикаяларына деген халықаралық сұранысты қамдау және өзгеріп отырған тамашалау әдістеріне байланысты цифрлық платформасы «tabii» бір жасына келді.

ТРТ көрермендеріне 30-дан астам оригинал өнім мен 20 мың сағаттан астам  контент ұсынған платформа алғашқы жылында 4 миллион абонентке қол жеткізді. «Бізді бірлестірген хикаялар» деген ұранмен басталған цирфлық платформа романтикалық фильмдерден күлдіргі хикаяларға дейін барлық жастағы көрерменге контент ұсынып отыр. Платформаның 5 тілде қызмет беретін аккаунттары Түркиядан және шетелден 7 милионнан астам оқырманмен байланысқа өтті.

ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собажы цирфлық платформасының бір жылда ірі қарсыластарының арасында тың серпін алғанын және оқырманмен мықты байланыс құрғанын айтты. «Бізді бірлестірген хикаяларды таза контенттеріміз арқылы бүкіл әлемге баяндауымызды жалғастырамыз» деді ол.

Сонымен қатар Түрік Әуе жолдарымен жасалған келісілген келісім нәтижесінде платформаның өнімдері THY халықаралық рейстерінде көрсетіледі.

«tabii» келесі маусымнан бастап TRT 1 және TRT Spor арналарымен қоса үш жыл бойы UEFA Чемпиондар лигасы, UEFA Еуропа лигасы және  UEFА Конференция лигасы матчтарын да көрсететін болады.



Ұқсас жаңалықтар