Титаниктен шығарылған сағат аукционда сатылды
Жолаушылардың біріне тиесілі алтын сағат 900 мың фунт стерлингке алушысын тапты.
Солтүстік Атлантикада мұз тауына соғылып суға кеткен аты аңызға айналған «Титаник» кемесімен саяхаттаған бай жолаушылардың бірінің алтын сағаты аукционда 900 мың фунт стерлингке (шамамен 37 миллион лира) алушысын тапты.
Кәсіпкер Джон Джейкоб Асторға тиесілі сағат Ұлыбританияның «Wiltshire» қаласында өткен аукционда болжанған бағасынан 6 есе жоғары сатылды.
Салықтар мен қосымша төлемдерді ескере отырып, сатып алушы сағат үшін 1 миллион 175 мың фунт төлейді. Аукцион үйі жалпы құнын «әлемдік рекорд» деп сипаттады.
1912 жылы 14 сәуір күні суға кеткен «Титаниктің» 2 мың 224 жолаушының 710-ы ғана аман қалған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі
Кеше ел көлемінде әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойланды.