«Bayraktar Akıncı - C» алғаш ұшу сынағын сәтті аяқтады
«Baykar» компаниясының шабуылға арналған «Bayraktar Akıncı - C» әуе көлігі алғаш ұшу сынағынан сүрінбей өтті.
«Baykar» компаниясының шабуылға арналған пилотсыз әуе көлігі «Bayraktar Akıncı - C» алғаш ұшу сынағынан сүрінбей өтті.
Осылайша «2X850 HP» (HP: ат күші) күшіндегі «Bayraktar Akıncı»-ның үшінші нұсқасы көгілдір аспанға көтерілді.
Сынақ Текирдағдың Чорлу ауданындағы «Akıncı» Ұшу-жаттығу және сынақ орталығында өткізілді.
«Bayraktar Akıncı - C» бір сағаттан астам аспанда ұшты. Ұшу барысында аэродинамикалық параметрлік қадамдар сәтті өтті.
«Bayraktar Akıncı - C» 1700 ат күшімен өз категориясындағы ең тиімді және қабілетті жауынгерлік платформа болады.
Түркияның алғаш отандық пилотсыз әуе көліктері шығарған «Байкар»-дың отандық және бірегей түрде жетілдірген «Bayraktar Akıncı» 40 мың ұшу сағатын сәтті түрде аяқтау арқылы Түрік авиациясының тарихында маңызды бір кезеңді тағы артта қалдырды.
Ұқсас жаңалықтар
Анкарада «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды
Бас қала Анкарадағы Түрік-орыс достық үйінде «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды.