Шабандоздар жарысы Анкарада өтті
Угур Йылмаз Президент кубогының иегері атанды.
Угур Йылмаз «Goldplay» атты атымен Президенттік кубокты жеңіп алды.
Анкара атты спорт клубы ұйымдастырған шабандоздар арасындағы конкурдан арнайы жарыс аяқталды.
Конкурден ең беделді бәсеке саналатын Президент кубогында шабандоздар 145 сантиметр биіктіктегі кедергілерден өтуге тырысты.
«Goldplay» атты атымен конкур алаңын 34,74 секундта аяқтаған Стамбул атты спорт клубының өкілі Угур Йылмаз Президент кубогының иегері атанды.
Кубокта Стамбул атты спорт клубынан Дилара Парс «Daramis De Champlong» атты атымен екінші орын алса, Анкара атты спорт клубынан Өмер Четин «Оптимист Ван Де Меербеек» атты атымен үшінші орынды иеленді.
Ұқсас жаңалықтар
Бурса мәдениет жолы фестивалі ертең басталады
Министр Ерсой Түркия мәдениет жолы фестивалінің әлемдік брендке айналғанын атап көрсетті.