Джилл Моррис «Түркияда бәрі бар» деді

Ұлыбританияның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Джилл Моррис Түркияның туризм саласын мақтады.

2036836
Джилл Моррис «Түркияда бәрі бар» деді

Ұлыбританияның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Джилл Моррис соңғы уақытта Түркияға келген ағылшын турист санының артуына байланысты туризмнің әртүрлілігіне назар аударып, «Түркияда бәрі бар» деді.

Жерорта теңізі және Эгей жағалауларына жасаған туры аясында Измир, Айдын, Бодрум, Мармарис, Мугла және Фетхие қалаларын аралаған Моррис турының соңғы аялдамасы Антальяда баспасөзге мәлімдеме жасады.

Моррис Түркия туралы алғашқы әсерін баяндап, түрік қонақжайлығының керемет екенін және елдегі туристік іс-шаралардың әртүрлілігінің жоғары екенін айтты.

Моррис Түркияның шетелден келген туристерге күн, құм және теңізден басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынғанын атап көрсетті.

Елдің қоңыржай климаты, әртүрлі теңіздері мен жағажайларымен қатар тарихи және археологиялық орындарға ие екенін атап көрсеткен Моррис Түркиядағы мәдени туризмнің байлығына назар аударды.

Моррис «Жерорта теңізі мен Эгей жағалауларын аралау кезінде ағылшындардың Түркияға демалыс үшін келгендерінің себептерін нақтылы аңғардым» деді.

Моррис «Түркияда бәрі бар» деді.

Британдық туристердің 46 пайызының демалу үшін Муглаға келгенін білдірген Моррис Антальяның туристер арасындағы танымалдығының артып келе жатқанын айтты.

Моррис британдық туристтердің Түркияны ұнатқанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар